Ақмола облысында екі әкім қызметінен кетті. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 21 қыркүйектегі өкімімен Степногорск қаласының әкімі Қасенов Гайдар Қабдоллаұлы және Аршалы ауданының әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Гайдар Қасенов 2024 жылғы 13 қарашада Степногорск әкімі болып тағайындалған. Ал Достанбек Есжанов 2024 жылғы желтоқсанда Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалған еді.