Ақмола облысы Қорғалжын ауданында Шөптікөл бөгеті жарылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
"Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды", - деп ТЖМ өкілдері.
Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 техника тартылған.
"Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
