Ақмола облысында ТЖД құтқарушылары жаппай жұмыстан шығып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.
NayzaKokshe мәліметінше, Щучинск қаласында сержанттардың шатырды өз қаражатына жөндеуге мәжбүр болғаны туралы ақпарат тарады. Желіде бұл жаңалық жарияланған соң, оған қарсы айыптаулар туралы жазбалар да тарай бастаған. Оқиға орнында прокуратура өкілдері жұмыс істеп, бәрін өз көздерімен көріп қайтқан.
Дәл осыдай жағдай Зеренді ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде де болған. Желіде олардың да жөндеу жұмыстарымен, кафель төсеумен айналысқаны туралы ақпарат тарады. Бірақ бұл мәлімет жарияланғаннан кейін ақпарат өшіп кеткен.
Шортанды ауданында тағы бір жағдай болған – ПЧ-18 өрт сөндіру бөлімінің бүкіл ұжымы төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Ербол Аубакировты қолдау мақсатында жұмыстан кету туралы рапорт жазды.
Бүгін өткен жиналыста оған отставкаға кету ұсынылған, бұған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы наразы болған. Қызметкерлер бұл шешіммен келіспейтінін айтып, наразылық ретінде жұмыстан кете бастаған.
Өрт сөндірушілер әділдік талап етіп, облыс билігінің шешімімен келіспейтінін айта бастаған. Олар мұндай кадрлық өзгерістер нақты жағдай мен кәсіби жетістіктерді ескере отырып, әділ қабылдануы тиіс деп санайды.