Ақмола облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Dalanews.kz qazaqstantv-ға сілтеп.
Бір адам қайтыс болып, 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі – бала. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы бірқалыпты.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, автобус жүргізушісі алда келе жатқан қар тазалау техникасын басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.