Ақмола облысында газ баллон қолдануға бақылау күшейтілді

Сағыныш Сардарова 05 нау. 2026 09:50

Ақмола облысында дәмхана, мейрамхана және адам көп жиналатын өзге де орындарда газ баллон қолдануға бақылау күшейтілді. Мұндай шешім Щучинск қаласында болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыс әкімдігі мәліметінше, аймақ басшысы қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.

Газ қауіпсіздігі мен газбен жабдықтау жүйелерін бақылау қалалар мен аудандар әкімдіктерінің тұрғын үй инспекцияларына жүктелді. Қазір жергілікті атқарушы органдар рейдтер мен жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр.

Мобильді топтар әлеуметтік нысандарды, көпқабатты және жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ, газ толтыру станциялары мен автогаз құю бекеттерін аралап жүр.

Сонымен қатар, билік тұрмыстық газ баллонын қабылдап, жоюға арналған арнайы пункттер ашу мәселесін қарастыруды жоспарлап отыр. Мұндай шаралар төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Салдарынан тоғыз адам көз жұмып, бірнеше адам зардап шекті.

Жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі. 

Сонымен қатар,қаза тапқандардың отбасыларының несиесі өтеледі


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove