Ақмола облысында аудан әкімдерінің бірі қызметінен кетті

Кәмшат Тілеухан 19 сәу. 2025 15:53 276

Ақмола облысындағы Зеренді ауданының әкімі Асан Жақсылықов қызметінен кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы 44 жастағы аудан әкімі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ақмола облысындағы курортық аймаққа жататын - Зеренді ауданы басшылығына Асан Жақсылықов 2021 жылы сәуірде келген болатын.

"Біз сіздермен қиын сәттер мен қуанышты сәттерді бөлістік, қойылған міндеттерді бірге шешіп, ауданымыздың игілігі үшін жұмыс істедік. Мен әрдайым Зеренді ауданында жұмыс істеген жылдарымды және оның керемет тұрғындарын аса жылулықпен еске алатын боламын! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бейбітшілік пен амандық, Зеренді ауданының одан әрі өркендеуі мен дамуын тілеймін!", деп жазды ол желіде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар