28 маусымда Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне «Қарасай тас жолы» айналма жолы бойындағы автодромда қарулы адамдар тобының қатысуымен қақтығыс орын алып жатқандығы туралы хабар келген.
Оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасының, арнайы мақсаттағы бөлімшенің, жедел-тергеу тобының қызметкерлері дереу жетіп, бассыздықты тоқтатқан.
Алдын ала тергеу барысы бойынша қақтығысқа 15 адам қатысқан. Олар Көкшетау мен Қарағанды қалаларының жастары 22-40 жас аралығындағы тұрғындары екені анықталған.
Оқиға орнынан Tranfoglio және Стражник травматикалық тапаншалары, патрондары, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Сараптама тағайындалды.
Назира МАХАНОВА