Ақышев: "Санкция салдарынан инфляция күрт өседі"

Dalanews 05 қыр. 2018 04:05 877

2019-2020 жылдары антиресейлік санкциялардың салдарынан инфляцияның өсуі күтілудеБұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлім етті.

Ақышев қысқасы, былай деді:

– Тамыз айында инфляция 0,2 процентті құрадыБұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда тым жоғары көрсеткішЖылдық өлшемге салғанда бұл 6  проценттен артық.

Общым, азық-түлікке жатпайтын тауарлар есебінен инфляция өсе бастады. Азық-түлік тауарлары бойынша инфляцияның тежелуі былтыр 0,9 процентті құраса, биыл бұл — 0,1 процент.
Сонымен, 2019-2020 жылдары инфляция өседі деп күтілуде, тіпті белгіленген дәлізден асып түсуі мүмкін.




    • Біріншіден, бұл Ресейге қарсы санкциялар режимімен байланысты,

    • Екіншіден, ұлттық валютаның әлсіреуімен байланысты,

    • Үшіншіден, мұнай бағаларының арзандауымен байланысты,








  • Төртіншіден, әлеуметтік шығындардың өсуі мен несиелердің көбеюімен байланысты,


 деді Ақышев.

Сосын Ақышев үкімет пен жергілікті билік өкілдеріне
антиресейлік санкциялармен байланысы бар біздегі нарықтарды анықтап-зерттеу жүргізу қажеттігін мәлім етті.

Фото: khabar.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар