Freedom Inside '26

Ақбаян Қазақстанға қашан келгенін білмейді: Атыраудаға трагедияға қатысты тың дерек айтылды

Ақбаян Қазақстанға қашан келгенін білмейді: Атыраудаға трагедияға қатысты тың дерек айтылды
kznews.kz / ЖИ

Атырау облысында төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот отырысында жаңа бейнежазбалар көрсетілген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бейнежазбалардың бірінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеушіге жауап беріп отырған сәті көрсетілген.

Тергеу кезінде Ақбаян Мұқанғалиева өзінің туған жері Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылы екенін айтқан. Сондай-ақ ата-анасының Атырау облысындағы Жангелдин ауылында тұрғанын, оқиғаға дейін ағасы Наурызбен сөйлескенін жеткізген. Бұдан бөлек, соңғы уақытта Мұнайшы ықшамауданында тұрғанын айтқан.

Алайда ол кейбір маңызды сұрақтарға нақты жауап бере алмаған. Атап айтқанда, нақты мекенжайын, Қазақстанға қай уақытта оралғанын және тергеу әрекеттерінің қай күні жүргізілгенін есіне түсіре алмаған.

Бейнежазбада тергеуші Ақбаян Мұқанғалиеваның психоневрологиялық диспансердің ақпараттық жүйесінде есепте тұрғаны анықталғанын мәлімдейді. Осыған байланысты тергеу әрекеттерін жалғастыру мүмкін болмағаны айтылды.