Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты психологиялық-психиатриялық сараптаманың алғашқы нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
10 сәуірде Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптама институтына жатқызылған еді.
Мамандардың айтуынша, оған қосымша диагностика жасап, бақылауды жалғастыру қажет. Сондықтан психикалық жағдайына байланысты нақты қорытынды әзірге шықпаған.
Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиева - басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайы әрі марқұм зейнеткерлердің қызы.
Еске салайық, олар 10 наурызда Индонезиядан экстрадицияланды.
Айта кетейік, 2025 жылы желтоқсанда полицияға Атырау облысы Жангелдин ауылында 66 жастағы ер адам, 64 жастағы әйел, сондай-ақ, олардың балалары - 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.
Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды. Кейін төртеуі де өлі табылды. Бұл іс бойынша күйеу балалары күдікті деп танылды.