Ақ үй Трамп пен Зеленскийдің екіжақты кездесу кестесін жариялады

Ақ үй Трамп пен Зеленскийдің екіжақты кездесу кестесін жариялады
Dalanews.kz коллажы

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің екіжақты кездесу кестесін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

БАҚ-тың хабарлауынша, 18 тамызда сағат 21:00-де (Астана уақытымен) Еуропа көшбасшылары Ақ үйге келеді. Сағат 22:00-де Трамп Зеленскийді қабылдап, 22:15-те олардың келіссөзі басталады.

Бұдан кейін, 23:15-те Трамп ЕО көшбасшыларын қарсы алады, 23:30-да бірлескен суретке түсіп, түнгі 00:00-де кездесуі өтеді.

Владимир Зеленский Вашингтонға жеткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, тараптар Трамптың Аляскада Ресей президенті Владимир Путинмен өткен келіссөздерінің қорытындыларын талқылауды жоспарлап отыр.