Апаттан көз ашпаған ҚТЖ: Қарағанды облысында тағы да пойыз соғысты

Сағыныш Сардарова 12 жел. 2025 12:37

Қарағанды облысында тағы да пойыз соғысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарағанды - Сұрыптау – Құлайғыр теміржол учаскесінде Audi көлігі жүк пойызымен соқтығысуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес 35 жастағы жүргізуші тыйым салатын қызыл сигналға қарамастан, теміржол өткеліне кіріп кеткен. Апат салдарынан жүргізуші мен көліктегі төрт жолаушы медициналық мекемелерге жеткізілді. Қазір полиция тарапынан оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Тергеу барысында әр қатысушының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сай құқықтық баға беріледі.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында пойыз төрт жұмысшыны басып кеткені хабарланды. 

10 желтоқсанда сағат 17:15-те Мойынты-Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражанғыл аралығында жүк пойызы қозғалып келе жатқан кезде машинист шұғыл тежеген. Осы кезде Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан.

Төрт жұмысшы жарақаттан көз жұмды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар