Белгілі әнші Тоқтар Серік бала тәрбиесіне қатысты ұстанымын айтып, қазіргі кезеңде ата-ананың жауапкершілігі бұрынғыдан да артқанын жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесінің сөзінше, ол балаларының жүріс-тұрысы мен күнделікті әдеттерін үнемі бақылауда ұстауға тырысады. Әнші мұны сенімсіздік емес, қауіптің алдын алу деп түсіндіреді.
"Балаларымның қалтасын жиі тексеремін. Себебі қорқамын. Бір зиянды зат, темекі немесе басқа нәрсе шығып қалса ше? Қазір заман оңай емес. Баланы бақылау – әр ата-ананың басты міндеті", – деді Тоқтар Серік.
Сондай-ақ әнші балаларына бөтен адамдардан ештеңе алмауды, көшеде де, интернетте де сақ болуды үнемі ескертіп отыратынын айтты. Оның айтуынша, қазіргі заманда бала тәрбиесі тек ақыл айтумен шектелмей, тұрақты назар мен бақылауды қажет етеді.
Тоқтар Серіктің жары Бейбіт Сейдуалиева да жолдасының бұл ұстанымын қолдайтынын жеткізді.