Әнші Жанар Хамитова қайтыс болды

Dalanews 16 қыр. 2019 08:35 1376

Біраз уақыт өнерден алыстап, биыл ғана сахнаға оралған әнші Жанар Хамитова қайтыс болды. Бұл туралы журналист Анна Данченко хабарлады.

"Сене алар емеспін... Иманды болсын!" - деп жазды журналист желідегі парақшасында.

Жанардың өнердегі әріптесі Әбу-Кай есімді әнші де аталған ақпаратты растады.

"Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта Жанарға не болғанын сұрап қаншама хат келді. Мән-жайды анықтап, ағасына хабарластым. Өкінішке орай, сіздер де, мен де естіген суық хабар шын болып шықты.

Ерке, ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық...


Арамыздан ерте кетті, өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көремін, әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын! Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазды әнші Instagram-да.

Бұған дейін Жанар Хамитова сахнаға шығуға жүрексінетінін және жүйке ауруға шалдыққанын айтып ағынан жарылған.

Алғаш SuperStar.kz жобасының қатысушы ретінде халыққа танылды, кейін "Арнау" тобының құрамында өнер көрсетті. Жанар Хамитова мен Нұржан Керменбаев SuperStar.kz жобасында топ құрды, алайда ұжымның ғұмыры созылған жоқ, екі жыл өткесін дуэт тарқап тынды.

Бұдан бұрын ол Түркиядағы екі баласы мен күйеуін тастап елге қашып келгенін және күйеуінің қаһарынан қорқатынын айтып отандық телеарналардың біріне сұхбат берген.

"Балаларымды сағындым. Мен оларды қайтарып алуым керек..." деген еді әнші.

Әншінің ажалы неден болғаны анықталу үстінде.

https://www.instagram.com/p/B2dtJQuHcp4/

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар