Әннің құдіретін қойсаңызшы, көне сарын ғұмыр бойы орысша сөйлеп келген талай жанның көкірегінің түкпірінде жасырынып жатқан (өздеріне де беймәлім) жанартаулары жарылып, көзіндерінде ұшқын пайда болды. Алдағы уақытта концертті қайталап берсе, Гүлжан Қарағұсованың түріне қарай салыңыздар. Әлдебір «түсініксіз сезіміді» бастан кешіп отырғанын бірден байқайсыздар.
Ал Бекболат Тілеухановқа мың алғыс, әріптес депутаттарына қазақтың көне сарынын көкіректеріне құйып, жанарында жарқыл туғызды. Жалпы, Мәжілістің ұзақ сонар жиналыстарының арасында Бекең «Сегізаяқты», «Молдабайдың әнін» айтып тұрса, талай депутат қазақша үйреніп алар еді.
Мұны енді ән терапия десе болатын шығар?
Нұрлан Жұмахан