Freedom Inside '26

"Америкадан іздеуіміз мүмкін": Шетелге асырап алынған Жәнібек анасына қатысты жаңа дерек айтты

"Америкадан іздеуіміз мүмкін": Шетелге асырап алынған Жәнібек анасына қатысты жаңа дерек айтты
Dalanews.kz коллажы

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдік отбасыға асырап берілген Жәнібек әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады. Ол оқырмандарымен амандасып, биологиялық анасын іздеу ісіне қатысты қазіргі жағдайды қысқаша түсіндірді, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәнібектің айтуынша, әзірге анасына қатысты іздеу жұмыстары туралы толық ақпарат бере алмайды. Себебі бұл мәселемен қазір ресми адвокат айналысып жатыр.

"Қазір анамды іздеу туралы көп нәрсе айта алмаймын. Өйткені бұл іспен ресми адвокат жұмыс істеп жатыр. Бірақ іздеуді Америкада жалғастыруымыз мүмкін сияқты", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Жәнібек өзінің өміріне қатысты тағы бір болжам айтты. Оның сөзінше, туған перзентханада оны америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбиімен шатастырып жіберуі мүмкін.

"Мүмкін, мені туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір баламен шатастырып жіберген шығар. Бұл туралы келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін", – деді Жәнібек.