Келелі жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған елімізге белгілі сазгер, профессор, ұстаз Бекжігіт Сердәлі партияның жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар өзекті мәселелерді оның ішінде талантты жастарды қолдау, оларды қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыру, ән, күй сапасын жақсарту мақсатында шығармашылық кеңес құру сынды ұсыныстарын жеткізді.