Кандидат, ең әуелі, ақсақалдармен кездесіп, партиялық бағдарламаның әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты басымдықтары туралы әңгімеледі. Содан соң аудан жастарымен бірге өңірдің дамуына қатысты ой өрбітті.
Кездесулерден кейін штаб төрағасы «Есіктен есікке» акциясын жүргізіп, үйді-үйге үнпарақ таратты.
– Кездесуге келе алмаған қарттардың шаңырағына барып, партиямыздың сайлауалды бағдарламасын түсіндірдім. Зейнетке шықса да ел дамуына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымын айқын білдіре алатын ардагерлердің пікірі біз үшін әрдайым маңызды. Әрқайсысының тілегін назарға алдық, – дейді Сайрангүл Жұмаділова.
Осы ретте «AMANAT» кандидаты қарттардың қамсыздығы маңызды міндеттердің бірі екенін жеткізді.
– Егде жастағы, зейнет жасына таяған және зейнеттегі азаматтардың еңбегі сұранысқа ие болуы керек. Зейнеткерлер лайықты зейнетақы алуы керек, жақсы тамақтану, сапалы және қолжетімді ем алу, белсенді өмір салтын ұстану мүмкіндігі болуға тиіс.
Осы тұрғыда мемлекеттік және партиялық қолдау шаралары кеңейтілетін болады. Сондықтан азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін аянбай еңбек етіп жүрген «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер! – деді Сайрангүл Жұмаділова.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді