«Алтай» Азия Чемпионатының төрттік финалына өтті

«Алтай» Азия Чемпионатының төрттік финалына өтті
Өскеменде өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия Чемпионатында «Алтай» волейбол командасы төрттік финалға өтті.

Чемпионаттың үшінші күні «алтайлықтар» үшін жеңісті болып, Ирандық «Сармайе Банк» командасын 3:0 есебімен жеңді. Ойынға көрермен ретінде қатысқан ШҚО әкімі Даниал Ахметов волейболшыларға сәттілік тілеп, тілегін білдірді.

Енді төрттік финалдың ойындары 29 мамыр күні өтпек.

– Бүгінгі ойын менің көңілімнен шықты. Ертең демалыс, сондықтан төрттік финал алдында демалып, дайындалып алмақпыз. Аздаған жарақат алған ойыншылар да бар, – деді команданың жаттықтырушысы Ярослав Антонов.

Естеріңізге сала кетсек, 25 мамырдан бастап ШҚО-да волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Азия континентінен 8 команда қатысқан Чемпионатта ел намысын «Алтай» волейбол командасы қорғауда.



ШҚО әкімінің баспасөз қызметі