Әлқуат Нұрмағамбетов: Апаттың болу ықтималдығын 70 пайыз болжау – мүмкін емес

Dalanews 23 қаң. 2024 15:35 1511

Сейсмологиялық болжам 70 пайыздық ықтималдықпен беріледі деген сөз де ақиқатқа жатпайды. Бұл - сейсмология саласының маманы, профессор Әлқуат Нұрмағамбетовтің «Жас алаш» газетіне жариялаған пайымы, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Әрине, белгілі бір құбылыстың белгілі бір жағдайда болу ықтималдығын бағалау – бүгінгі таңда білім мен ғылым саласында кеңінен таралған. Дегенмен бұл заңдылықты зілзала апатын қысқамерзімді болжамда қолдану әзірше мүмкін емес», - дейді ол.


Өйткені ықтималдық бағалау болжамының нақтылығын сипаттайды. Сондықтан бүгінгі таңда ықтималдық бағалау тек қана ұзақмерзімді және ортамерзімді болжамдарда ғана қолданылады.

«Бұл саладағы ғалымдардың пікірінше, аталмыш болжамдардың ықтималдығы 35-40 пайыздан аспайды. Айта кететін жайт, мұндай ықтималдық бағалауды сейсмологияға тиіп-қашып жүрген адамдар береді. Егер болжам расталса, түсіндірудің қажеті жоқ, ал егер расталмаса, ешкім саған дау айта алмайды. Өйткені сен 100 пайыздық ықтималдық туралы айтқан жоқсың», - деген ғалым.

Фото: Abai.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар