«Мәселе жер сілкінісінің ошақ тереңдігі, құрылыс нысанының сапасы мен оның сілкініс ошағынан қашықтығына байланысты. Егер сілкініс ошағы жер бетіне жақын орналасып, нысан оның эпицентріне жақын әлсіз грунтта болса, онда 5 балдық жер сілкінісі де апатты болуы ықтимал», - деп жазды ғалым «Жас алаш» газетіне.
Оның дерегіне қарағанда, эпицентрі жақын орналасқан зілзала бір-екі қабатты құрылысқа, ал эпицентрі қашық орналасқан зілзала көпқабатты нысандарға аса қауіпті.
«7 балдық жер сілкінісі сейсмикалық берік құрылыс нормативтерімен салынған нысандарға қауіпті емес, ал 9 балдық жер сілкінісінен қала аумағындағы нысандардың жартысына жуығы қатты зақымданып, қирауы ықтимал», - дейді Әлқуат Нұрмағамбетов.
Айта кетейік, қаладағы құрылыс нысандары 6 типке бөлінеді: 9 баллдық сілкіністе 1 және 2-типтес нысандар (жергілікті материалдан және ағашпен жабылған, кірпіштен салынған) толығымен қирайды, 3-типтес нысандар (темірбетонмен жабылып, кірпіштен салынған) – жарым-жартылай, 4-5-типтес нысандар (антисейсмикалық әдістермен күшейтілген) – қатты зақымдалады, ал 6-типтес типтес нысандар (ірі панельді) – орташа зақымдалады.
Фото kris_p_almaty
Коллаж: Dalanews.kz