Алматының бірқатар шағынауданында жарық уақытша сөндіріледі

Алматының бірқатар шағынауданында жарық уақытша сөндіріледі
Фото: pixabay.com

Алматыда 18–21 тамыз аралығында бірқатар шағынауданда электр жарығы уақытша сөндіріледі. Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компанияның мәліметінше, жарық электр желілерін жөндеу және анықталған ақауларды жою жұмыстарына байланысты өшіріледі. Жөндеу жұмыстары көбіне сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Ал кейбір көшелерде электр қуатын ажырату сағат 09:00-де басталады.

Электр жарығын уақытша өшіру кестесі:

18 тамыз

  • Әйгерім-1;
  • Тастыбұлақ;
  • Каменское Плато шағынаудандары.

19 тамыз:

  • Әйгерім-1;
  • Шаңырақ-1;
  • Тастыбұлақ;
  • Таусамалы;
  • Өжет шағынаудандары.

20 тамыз:

  • Шаңырақ-1;
  • Шаңырақ-2;
  • Шуақты;
  • Қарағайлы;
  • Тастыбұлақ;
  • Қалқаман-2;
  • Қуаныш шағынаудандары.

21 тамыз:

  • Әйгерім;
  • Байбесік;
  • Тастыбұлақ;
  • Қалқаман-2 шағынаудандары.