"Алатау Жарық Компаниясы" 3–7 тамыз аралығында Алматының бірнеше ауданында электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған ақауларды жояды. Осыған байланысты аталған күндері қаланың бірқатар көшесі мен шағынаудандарында электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Электр қуаты күн сайын сағат 08:00-ден (кей жерлерде 09:00-ден) 17:00-ге дейін өшіріледі.
3 тамыз
Жарық Айгерім-1, Шапағат, Самғау, Түркістан, Теректі, Тастыбұлақ, Ақжар, Көктөбе және басқа да шағынаудандардың жекелеген көшелерінде, сондай-ақ Сейфуллин даңғылы, Жібек жолы, Абай, Панфилов, Құрманғазы, Байсейітова, Байтұрсынов, Желтоқсан, Назарбаев, Орманов, Бөгенбай батыр және өзге де көшелердің бір бөлігінде уақытша өшіріледі.
4 тамыз
Электр энергиясы Айгерім-1, Көк Қайнар, Самғау, Ұлжан-2, Алғабас, Тастыбұлақ, Ақжар, Қайрат, Маяк, Самал-1, Ақсай-2 және басқа да шағынаудандарда, сондай-ақ Абай, Әуезов, Байзақов, Гоголь, Әл-Фараби және өзге де көшелердің жекелеген бөліктерінде уақытша болмайды.
5 тамыз
Жарық Айгерім-1, Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, Ұлжан-2, Қарағайлы, Қалқаман-2, Өжет, Қарасу, Алатау, Тастыбұлақ, Ақжар шағынаудандарында, сондай-ақ Сүйінбай, Сейфуллин, Жамбыл, Қазыбек би, Абай, Жібек жолы және басқа көшелердің бір бөлігінде өшіріледі.
6 тамыз
Электр қуаты Айгерім, Айгерім-1, Самғау, Алғабас, Қалқаман-2, Өжет, Тастыбұлақ, Ақжар, Алтай-2, Көктөбе-2 шағынаудандарында және Абай, Сәтбаев, Жандосов, Әл-Фараби, Жібек жолы, Райымбек, Сейфуллин, Бөгенбай батыр секілді көшелердің жекелеген бөліктерінде уақытша ажыратылады.
7 тамыз
Жарық Айгерім-1, Қарағайлы, Қалқаман-2, Өжет, Тастыбұлақ, Ақжар, Ерменсай, Көктөбе шағынаудандарында, сондай-ақ Жандосов, Әуезов, Сәтбаев, Тілендиев, Бұқар жырау бульвары, Достық даңғылы және басқа да көшелердің кейбір бөліктерінде уақытша болмайды.