Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулерінің ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан. Ал жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым қашықтықта тіркелген.
Сейсмологтардың дерегінше, эпицентр аумағындағы жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Ресми ведомстволар жер сілкінісіне қатысты әлі ақпарат берген жоқ.