Алматыдағы саябақта ер адам балаға шабуыл жасаған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 5 тамызда таңғы сағат 08:00 шамасында Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері - подполковник Батыр Тұяқов, майор Медет Махметов, капитан Данияр Баймолдин және Әсем Әбдірайымова кәмелетке толмаған балаға жасалған заңсыз әрекеттің алдын алып, батылдық танытқан.
Офицерлер Атакент саябағы маңында белгісіз ер адам балаға шабуыл жасап, оны жұдырықпен ұрғанына куә болған. Олар полиция қызметкерлері келгенге дейін күдіктіні ұстап тұрған.
Құқық қорғау органдары оқиға орнына келгеннен кейін ұсталған адам одан әрі тергеу жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылған.
Зардап шеккен баланың ата-анасы Аслан мен Гауһар Құбаевтар офицерлерге ерекше алғыс білдірді.