Алматыдағы Lamiya тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты

Алматыдағы Lamiya тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты
видео кадры

Алматының Алмалы ауданындағы Lamiya тұрғын үй кешенінде түнгі уақытта өрт болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт көпқабатты тұрғын үйдің кабель шахтасынан басталған. Оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмылдырылды.

Құтқарушылар тұрғындарды жедел эвакуациялап, өрт ошағын анықтау жұмыстарына кірісті. Бұл үшін тепловизорлар қолданылып, оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Мамандардың жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.