Freedom Inside '26

Алматыда жүргізуші бес жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда жүргізуші бес жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: avtoshkola.msk.ru

Алматының Медеу ауданында жеңіл көлік бес жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қалалық әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 08:20 шамасында Зенков көшесінде болған.

Алдын ала дерек бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Audi көлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде тұрған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осыдан кейін көлік қозғалысын жалғастырып, жол жиегінде тұрған Toyota автокөлігіне соғылған.

Соққының әсерінен Toyota көлігі жанында тұрған Subaru автокөлігіне соқтығысқан.

Полицияның хабарлауынша, оқиға кезінде Toyota мен Subaru жүргізушілері көліктерінің ішінде болмаған.

Жол апаты салдарынан бес адам жарақат алып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қазір оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.