Алматыда ЖИ көмегімен өңделген суреттер дауына байланысты әкімдік қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бостандық аудандық әкімдігі Левитан көшесін тазалау жұмыстарына қатысты жасанды интеллект көмегімен өңделген суреттерді жариялаған қызметкер жұмыстан босатылғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, мемлекеттік қызметкер өз кінәсін мойындағандықтан, қызметтік тергеу жүргізілмеген. Осыдан кейін арада еңбек шарты бұзылған.
Еске салайық, мамырда әлеуметтік желі қолданушылары тазалау жұмыстарының нәтижесін көрсететін "дейін" және "кейін" суреттері жасанды интеллект арқылы жасалған немесе өңделген болуы мүмкін деген пікір білдірген еді.
Бұл жайт қоғамда үлкен резонанс тудырып, ондаған мың қаралым жинады. Осыдан кейін әкімдік тексеріс бастады. Ал аумақты күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды.