Алматыда тағы 18 ақылы автотұрақ аймағы пайда болады

Алматыда тағы 18 ақылы автотұрақ аймағы пайда болады
Фото: ortcom.kz

Алматы әкімдігі қалада тағы 18 жаңа ақылы автотұрақ аймағын құру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес, жаңа тұрақ орындарының барлығы тротуар үлгісінде ұйымдастырылады. Жобаның жүзеге асырылуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктелген.

Ақылы автотұрақтар желісін кеңейту қаладағы көлік қозғалысын реттеу мақсатында қолға алынып отыр. Соңғы уақытта тұрақ орындарының жетіспеушілігінен жүргізушілер көліктерін екінші қатарға немесе апаттық белгісін қосып, жол жиегіне қалдырып кететін жағдайлар жиілеген. Соның салдарынан қоғамдық көліктің қозғалысы қиындап, жаяу жүргіншілерге де кедергі келтіріліп жатыр.

Әкімдік жаңа ақылы тұрақ аймақтары жол қозғалысын реттеуге және көшелердегі көлік кептелісін азайтуға ықпал ететінін айтты.