Алматыда Құрылтай есімді екі тұрғын дауыс берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгін Алматыда Құрылтай есімді қала тұрғыны дауыс берді. Құрылтай Мансұров Әуезов ауданындағы №1 мектеп-гимназияда орналасқан №140 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттары сайлауына қатысты.
Осылайша, бүгін Құрылтай есімді екі алматылық дауыс берді. Бұған дейін Бостандық ауданындағы №294 сайлау учаскесінде Құрылтай Сәткенбаев дауыс берген болатын.