Алматыда қойма ғимараты отқа оранды. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің қосымша күштері жұмылдырылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт Жетісу ауданындағы Тобаяков көшесінде орналасқан қоймадан шыққан.
Қазір оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізуде.
Өрттің аумағы мен неден шыққаны әзірге белгісіз. Қосымша ақпарат нақтыланып жатыр.