Freedom Inside '26

Алматыда өзін «Ресейдегі өзбек сияқты сезінетінін» айтқан ресейлік 10 тәулікке қамалды

Алматыда өзін «Ресейдегі өзбек сияқты сезінетінін» айтқан ресейлік 10 тәулікке қамалды
видео кадры

Әлеуметтік желіде Қазақстанға келіп, өзін «Ресейдегі өзбек сияқты» сезінетінін айтқан Ресей азаматшасы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға Алматыда болған. Әйел банк картасын рәсімдеу үшін қалаға келгенін, алайда қажетті құжаттарды тез ала алмағанын айтып, әлеуметтік желіде эмоцияға беріліп, бейәдеп сөздер қолданған.

Кейін Алматы қалалық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты тексеру жүргізілгенін мәлімдеді.

Полицияның хабарлауынша, Алмалы аудандық полиция басқармасы шетел азаматшасының қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтаған.

«Мұндай әрекеттер құқық бұзушылық ретінде тіркеледі және құқық бұзушының мәртебесіне қарамастан заң аясында бағаланады», – делінген полиция хабарламасында.

Аталған факі бойынша ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен әйел 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.