Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, оқшауланған веложолақ салынады, деп хабарлайды dalanews.kz.
1 тамыздан бастап Наурызбай батыр көшесі Райымбек даңғылынан Абай даңғылы аралығындағы көлік қозғалысына жаңа сызба енгізіледі. Жоба аясында көшеде оқшауланған велосипед жолағы салынады.
Жүргізілетін жұмыстар аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ алып тасталады. Автобус бағыттары Желтоқсан көшесіне ауыстырылып, Наурызбай батыр көшесінде веложолақ ұйымдастырылады.
Жаңа шешім велосипедшілердің қауіпсіздігін арттыруға, қаладағы велосипед желісін дамытуға және көлік легін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік бермек.