Алматыда ескі көліктерге шектеу енгізілмек

Алматыда ескі көліктерге шектеу енгізілмек
Алматы әкімдігі

Алматыда экологияны жақсартуға арналған үш жылдық бағдарлама қабылданды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қалалық мәслихат экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған 2027-2029 жылдарға арналған кешенді бағдарламаны бекітті. Оны жүзеге асыруға 28,6 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - қаладағы зиян шығарындыларды азайтып, ауа сапасын жақсарту.

Құжаттағы басты жаңалықтың бірі - 2027 жылдан бастап Алматыда арнайы төмен эмиссиялық аймақтар (Low Emission Zones) енгізіледі. Бұл аумақтарға экологиялық талаптарға сай келмейтін ескі көліктер кіруіне шектеу қойылады.

Сонымен қатар, жол-патрульдік полициясы мен EcoAlmaty мамандары көліктердің шығарындыларын тұрақты бақылап, олардың техникалық жағдайын жиі тексереді.

Бағдарлама аясында тұрғындардың ескі көліктерін мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы сатып алу мүмкіндігі де қарастырылып отыр.