Алматыда ер адам енесіне қатысты жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматыда ер адам енесіне қатысты жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұсталды
Алматы қаласының полиция департаменті

Алматыда 65 жастағы әйелге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға 17 тамызда болғаны туралы ақпарат тараған. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ер адам әйелдің үйіне шай ішу сылтауымен келген. Туыстарының айтуынша, ол әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қатысты зорлық әрекетін жасаған.

Сол күні жәбірленушінің қызы, яғни күдіктінің әйелі, полицияға жүгінген.

Полиция күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Оның кінәсі сотта дәлелденген жағдайда заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Сонымен қатар Алматы полициясы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.