Алматыда автобуста бойжеткенге қоқан-лоқы көрсеткен ер адам қамалды

Алматыда автобуста бойжеткенге қоқан-лоқы көрсеткен ер адам қамалды
Фото: видеодан скрин

Алматыда қоғамдық көлікте бойжеткенге күш көрсеткен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жәбірленуші оқиғаның мән-жайын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, ол автобустағы бос орынға отырмақ болып, алдында тұрған ер адамнан сәл алға жылжуын өтінген. Алайда жолаушы оның өтінішіне агрессиямен жауап беріп, қызды қылқындыра бастаған.

Алматы полициясы аталған дерек бойынша тексеру жүргізілгенін мәлімдеді. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.