Алматыда әл-Фараби даңғылында самокат тізгіндеген адам мерт болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның айтуынша, түнде электрсамокат мінген ер адам жолдың сол жақ шетімен келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша оның жылдамдығы сағатына 90 шақырым болған.
Ол шығыс айналма жолда алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болған. Кейін бірнеше секунд ішінде қайғылы жағдай болған. Бейнежазбадан ер адам асфальтқа құлағанын көруге болады. Соққыдан қорғаныш дулығасы да басынан ұшып кеткен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен.
"Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қаза тапқан азамат 54 жаста болған. Бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ІІМ өкілдері.