Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматы облысында құтқарушыларға Аюсай шатқалы маңында екі жасөспірім жүргені туралы хабарлама түскен. Олармен байланыс болмаған, нақты орналасқан жері белгісіз болған.
ТЖМ "Барыс" РҚҚ құтқарушылары іздеу жұмыстарын ұйымдастырған. Таулы аумақты тексеру барысында жасөспірімдер Үлкен Алматы шатқалында, шекара бекетінен жоғары жерден табылған.
"Құтқарушылар оларды қауіпсіз бағытпен Алмарасан шатқалындағы экологиялық бекетке, одан әрі шлагбаумға дейін алып барып, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деп жазылған хабарламада.