Алматы облысының тауларынан адам сүйегі табылды

Алматы облысының тауларынан адам сүйегі табылды
ашық дереккөз

Алматы облысының тауларынан адам сүйегі табылды. Оны екі апталық бағыт бойынша жорықтан қайтып келе жатқан беларусьтік туристер анықтаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Facebook желісіндегі жазба авторының мәліметінше, туристер адам сүйегін Северцов мұздығынан тапқан. Олар бұл туралы құтқарушыларға хабарлап, оқиға орнынан түсірілген видеоны тапсырған.

Қазір адам сүйегін алып шығу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" тікұшағы жіберілді. Оның бортында "Барыс" жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары бар.

Сүйек таудан түсірілгеннен кейін Алматы облысының полициясына тапсырылады.