Алматы облысындағы дала өртін сөндіруге авиация жұмылдырылды

Алматы облысындағы дала өртін сөндіруге авиация жұмылдырылды
ТЖМ

Алматы облысындағы дала өртін сөндіруге авиация жұмылдырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еңбекшіқазақ ауданында, Бәйдібек би ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан Бақтияр сай шатқалында мемлекеттік жер қоры аумағындағы құрғақ шөп жанған.

Өртті сөндіру жұмыстарын Алматы облысы ТЖД бастығы, полковник Дәурен Оразбеков үйлестіріп жатыр.

Өртті жоюға ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының 70 қызметкері, 15 техникасы, сондай-ақ, ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиациясы жұмылдырылды.

ТЖМ авиациясы жалпы көлемі 51 тонна болатын су шашқан. Жұмыс барысы аптап ыстық пен жылдамдығы 4 м/с-қа дейін жететін солтүстік-батыс желі салдарынан күрделеніп тұр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.