Алматы облысында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды dalanews.kz.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, KAZ01 автожолының 1121–1186 және 1194–1209 шақырым аралықтарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 12 мамырдан 12 шілдеге дейін күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін Күрті – Шабыт учаскесінде (1121–1177 шқ) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады.
Жол компаниясы жүргізушілерден сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерін сақтауды сұрады.