Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдарда анықталған ақаулардың 85%-ы жойылды

Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдарда анықталған ақаулардың 85%-ы жойылды

Алматы облысында «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» мамандары республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, жөнделуі және күтіп-ұсталуы сынды жұмыстардың сапасына бақылау күшейтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Нәтижесінде Алматы облысындағы республикалық жолдардан алынатын сынамалардың сапасы арта бастаған. Мәселен, жыл басынан сапа сараптамасы бойынша құрылыс және жөндеу нысандарына 39 шығу жүзеге асырылып, 229 жол құрылыс материалдары (ЖҚМ) алынған, оның 71 (31%) нормаға сәйкес емес, 158 сәйкес болды. Қазіргі таңда Республикалық желілерде 2026 жылы 12 жоба іске асырылуда, оның ішінде қайта жаңғырту 1, күрделі жөндеу 1, орташа жөндеу 10 жоба, олардың жалпы ұзындығы 315 шақырым. Күтіп-ұстау жұмыстары бойынша 82 шығу жасалған, 40 жол құрылыс материалдары (ЖҚМ) алынып, барлығы нормаға сәйкес болды.

Республикалық жолдарда жалпы 313 ақаулар анықталып, оның 265 (85%) жойылды, қалған 48 (15%) ақау бойынша жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 18 ақау күрделі және орташа жөндеу жұмыстарында анықталған, олардың бүгінде 9-ы жойылды, қалғаны бойынша мердігерлермен жұмыстар істеліп жатыр.   

Ал жолдардағы жиі кездесетін ақауларды жөндеу кезіндегі уақытша жол белгілеріне қатысты кепілдік мерзімінде 15 нысан бар, оның ішінде 2 нысан қайта жаңғырту, 4 нысан күрделі жөндеу, 8 орташа жөндеу және 1 нысан жөнделіп жатыр. Нысандар бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК Алматы облыстық филиалымен, мердігер және техникалық қадағалау мекемелерімен комиссиялық күзгі тексерулер жүргізіліп, анықталған ақаулар бойынша мердігерлерге жою бойынша тапсырмалар берілді.