Freedom Inside '26

Алматы облысында полиция қызметкері өлі табылды: Әйелі мен ұлы ұсталды

Алматы облысында полиция қызметкері өлі табылды: Әйелі мен ұлы ұсталды
Dalanews.kz коллажы

Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты оның жұбайы мен ұлы ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады, деп жазады dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, 23 маусым күні Кеген ауданындағы таулы аймақтан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Өртенген ер адамның денесі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды.

"Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды", – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Іс аясында бірнеше адам ұсталды. Олардың қатарында марқұмның әйелі мен ұлы да бар. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның хабарлауынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.