Freedom Inside '26

Алматы облысында өзен арнасынан асып, адамдар эвакуацияланды

Алматы облысында өзен арнасынан асып, адамдар эвакуацияланды
видео кадры

Алматы облысында нөсер жауыннан кейін Түрген өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, 58 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, су деңгейі көтерілуі салдарынан Түрген - Асы тасжолының кей бөліктерін су шайып кеткен.

17 киіз үй мен "Водник" бау-бақша қоғамындағы төрт ауланы су басты. Қауіпсіздік мақсатында 58 адам, соның ішінде 21 бала және 8 шетел азаматы эвакуацияланды. Олар уақытша ТЖМ-ның вахталық кентіне орналастырылып, қажет жағдаймен қамтамасыз етілді.

Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Салдарды жою жұмыстарына "Қазселденқорғау" мамандары, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да қызметтердің өкілдері жұмылдырылды. Қазір оқиға орнында шамамен 300 адам мен 44 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.