Алматы мен Алматы облыстарында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Алматы мен Алматы облыстарында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Фото: freepik

Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары үшін электр энергиясының шекті тарифін көтеру ұсынылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Энергосбыт" компаниясы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің қарауына электр энергиясының жаңа шекті бағасын бекіту туралы жобаны жолдады.

Компания мәліметінше, тарифті қайта қарауға 2026 жылғы 15 шілдеден бастап Бірыңғай сатып алушы – "ЖЭК жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы" ЖШС-нен сатып алынатын электр энергиясының құнының өсуі себеп болған. Атап айтқанда, электр энергиясының сатып алу бағасы 1 кВт/сағат үшін 13 теңгеден 16 теңгеге дейін, яғни 23 пайыз қымбаттаған.

Осыған байланысты 2026 жылғы 20 тамыздан бастап электр энергиясының шекті бағасын ҚҚС-сыз 39,36 теңге/кВт/сағат деңгейінде белгілеу ұсынылып отыр. Бұл қазіргі тарифтен 16 пайыз жоғары.