Алматы маңында жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын 98 бекет болады

Алматы маңында жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын 98 бекет болады
Midjourney/Tengrinews.kz

Алматы маңында жер сілкінісін ерте ескертетін 98 бекет жұмыс істемек, деп хабарлайды dalanews.kz.

2026 жылдың аяғына дейін Алматы мен оның айналасында жер сілкінісін ерте ескертетін автоматты жүйенің 98 станциясы жұмыс істемек. Қазір ТЖД кезекшілігінде осындай 28 станция бар. Бұл туралы Ұлттық сейсмология бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы айтты.

Станциялар Алматының өзінде ғана емес, қала сыртында да орналасқан. Желі Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағын қамтиды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында бір станция және Қырғызстан шекарасында екі станция бар.

"Қазір ТЖД кезекшілігінде АСРО-ның 28 станциясы тұр. 2025 жылы орталығымыз тағы 30 станцияның құрылысын аяқтады, биыл тағы 40 станция салынды. Осылайша, жыл соңына дейін Алматы маңында жер сілкінісін ерте ескертетін 98 станция жұмыс істейді", - деді ол.

Барлық станция жер сілкінісін ерте ескертетін бірыңғай автоматты жүйе ретінде жұмыс істеуі керек.