Freedom Inside '26

Алматы базарында ірі көлемде күмәнді жұмыртқа анықталды

Алматы базарында ірі көлемде күмәнді жұмыртқа анықталды
gov.kz

Алматы базарында заңсыз әкелінген 13 мыңнан аса тауық жұмыртқасы анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қаланың сауда нысандарында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейд шарасын өткізген.

Инспекция мамандары "Барыс-IV" базарын тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ, таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқаларын анықтаған.

"Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. 10 маусымда тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы "Беккер шұңқырына" тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды", - деп жазылған хабарламада.