Алматылықтарға сағат 16.00-ге дейін қауіпсіз жерде болу керегі ескертілді

Көркем Алдабергенова 04 нау. 2024 13:03 2841

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты сағат 16.00-ге дейін халық жиналатын жерде болу керек, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ғылыми орталығының Дәулет Сәрсенбаев айтты. 

"11.22-де Алматыда жер сілкінісі болды. Қазіргі таңда афтершоктар болуы мүмкін. бірақ қуаттылығы әлсін сезіледі. Сабыр сақтап, халықты жинау жерлерінде сағат 16.00-ге дейін болуларыңызды сұраймын. Сейсмикалық жағдайды бақылау комиссиясының қорытындысын қосымша міндетті түрде жеткіземіз", - дейді Дәулет Сәрсенбаев. 

Қазіргі уақытта 384 қабылдау пункті ашық: 229 мектеп пен 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында.

Пункттер туралы барлық деректер Алматының 2ГИС платформасында орналастырылған. Іздеу жүйесінде "зардап шеккен халықты қабылдау пункті" қосымшасын енгізген кезде карталарда тұрғындар үшін барлық қолда бар жинау пункттері көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы және аудан әкімдіктерінің ТЖД ресми сайттарында да бар.

Сондай-ақ, барлық стационарлар, босандыру ұйымдары, жедел медициналық көмек штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар