Алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескерту неліктен келмеген?

Алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескерту неліктен келмеген?
Las Vegas Review Journal

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде халықты ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Хабардар ету жүйелері (mass alert) қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автомат түрде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. 

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақыты бойынша 10.00 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді. 

"Жер сілкінісінің координаттары:  43.261 с.е. 77.310 ш.б. Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км. жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы қаласы 3 б. 
  • Талғар 4 б. 
  • Есік 4 б.
  • Түрген 3.0 б. 
  • Өтеген-Батыр 3 б. 
  • Боралдай 2 б. с.
  • Маловодное  2б. 
  • Ж. Қайыпов 2 б. 
  • Алатау (Жетіген) 2 б.
  • Қарасай (Қаскелең) 2 б.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; 
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз; 
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10.  Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.