Алматылық мемлекеттік білім гранты иегерлері өз қуаныштарымен бөлісті

Жарбол Кентұлы 03 там. 2024 14:49 918

Ақ түйенің қарны жарылған күн
Алматылық білім грантын иеленгендер мен олардың ата-анасы үшін бүгінгі күннің сипаты осындай болып тұр.


Қуаныштың көз жасы мен маңызды жаңалықты естіген алматылықтардың әсерлері әлеуметтік желілерден анық байқалады.


Алматылық мемлекеттік білім гранты иегерлері өз қуаныштарымен әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісуде. Жас талапкерлер өздерінің жоғары оқу орындарына тегін түскендерін жариялап, қуанышты сәттерін достары мен туыстарына жіберіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде құттықтау сөздер, фотосуреттер мен бейнематериалдар арқылы бұл маңызды жетістікті атап өтуде.


«Грантқа түстім, ҚАЗҰУ күт мені! Осы сәтті армапдап едім, армандар орындалады! Қатты уайымдап едім, ҚБТУ грантын алыппын! 1 жылдық еңбегім ақталды, аллаға шүкір! ҚызПУ-ға түсіппін, шүкір!» деген жалынды жастардың қуанышты әсерлері әлеуметтік желіні желпінтіп тастады.
Грант иегерлерінің қуанышына алматылықтар ата-аналар да қосылып, балаларының болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдіріп, жақсы тілектерін жолдап жатыр.
«Ал, достар! Ақ түйенің қарны жарылды деген осы! Ұлым ҚазГу-дың грант иегері атанды! Мына тізімде 66-шы болып тұр. Алтын бала! «Ура, грант иегері атанды», «Балам, грант иегері атануыңмен шын жүректен құттықтаймын менің болашақ энергетигім. Сен біздің үмітімізді ақтадың! Болашағың жарқын болсын, балапаным!», - деген ата-аналардың жазбалары жеткілікті.
Жаңа білім алушылар өздерінің оқу орындары мен мамандықтары туралы мәліметтермен бөлісіп, алдағы оқу жылына үлкен үміт артып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.
Бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Яғни өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» мен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар